Қазақстандық 15 жасар гольф ойыншысы әлемдік әуесқой рейтингке енді - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандық 15 жасар гольф ойыншысы әлемдік әуесқой рейтингке енді

21 ақпан, 20:19 839 Астана
Қазақстандық 15 жасар гольф ойыншысы әлемдік әуесқой рейтингке енді

Бұл оған болашақта Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Он бес жасар спортшы Ривекка Жұмағұлова гольф бойынша World Amateur Golf Ranking рейтингіне енді. Бұл оған жинаған ұпай саны бойынша болашақта Олимпиада ойындарында өнер көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 16-17 ақпанда біздің отандасымыз Global Junior Golf Tour аясында Португалияда өткен Portuguese Intercollegiate Open 2018 турнирінде жеңіске жетті. Бүгінде ол өзінің жаттықтырушысы, белгілі испандық маман Ricardo Eliaeson-ның қоластында жаттығады.

Оны алда үш рейтингтік тур күтіп тұр.  Ақпан айының соңында А категориялы турнир – Spanish International Ladies’ Championship 2018, ол жерге ересектер категориясында өнер көрсететін Еуропаның ең мықты гольф ойыншылары жиналады. Наурыз айында Валенсия мен Мадрид Чемпионаттары.

Айта кетейік, Ривекка өзінің 15 жасында біраз белестерді бағындырған спортшы. Ол 12 жасынан бастап халықаралық турнирлерде өнер көрсетіп келеді: Шотландия мен Италияда өткен U.S.Kids Golf  (5 және 2 орын), Шотландияда өткен Van Horna Кубогінде ресейлік Наталья Гусевамен, Швейцария және Германиядан келген дуэтке қарсы өнер көрсетіп жеңіске  жетті. Ересектер арасында өткен Болгария Чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бір мәрте күміс медаль иегері.  Сербияның ашық Чемпионатында қола медаль алды, Чехияда өткен Ника Фалдо Сериясының жеңімпазы. 2017 жылы БАӘ ұйымдастырылған Фалдо сериясы гранд финалының қатысушысы.  Өткен жылдың қыркүйегінде Ривекка Қазақстан Чемпионатының күміс медалін иеленді. 2018 жылды ол Испанияда өткен Аликанте Чемпионатындағы жеңісімен бастады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары