Қазақстандық әйел "ісіне көмектескен" балгерге шамамен 9 млн теңге ұстатқан - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандық әйел "ісіне көмектескен" балгерге шамамен 9 млн теңге ұстатқан

15 тамыз, 2018, 10:47 1890 Қызылорда облысы
Қазақстандық әйел

Әйел адам алаяқтың құрбанына айналған.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бір азаматша жергілікті тұрғынға бал ашып, жолын жеңілдетіп беретінін айтып сан соқтырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 8 млн 853 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Құқық қорғау саласының мамандары халықтың балгер мен тәуіптерге алданып қалатынын айтады. Қазір облыста мұндай деректер жиі орын алады. Солардың бірі  Жаңақорған ауданында болған осы оқиға. Өзін балгер ретінде көрсеткен әйел жергілікті тұрғынға "жолыңды жеңілдетіп беремін, байып кетесің" деген желеумен бірнеше рет ақша алған. Аталмыш алаяқтық дерек сотта қаралып, күдіктінің кінәсі дәлелденді. Оның 5 жылға бас бостандығы шектелді.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында алаяқтық деректері алаңдатып отыр. Үстіміздегі жылдың 7 айында Қызылорда облысында 418 алаяқтық қылмысы тіркелді. Ол өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға азайған. Десе де тәртіп сақшыларын өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері орын алып жатқанын ойлантады.

"Биылғы 7 айда алаяқтық жасағаны үшін 162 тұлға ұсталды. Оның ішінде 109-ы әйелдер болып отыр. Оны ашуда бірқатар қиындықтар кездеседі. Атап айтқанда, жәбірленушілер кеш арызданып жатады. Биыл осындай 26 азамат кеш арызданған. Олардың арасында 2-3 жылдан кейін полицияға арызданып келгендері бар. Шындығын айтқанда, кейбір азаматтар қазір жеңіл пайда табу немесе мәселені оңай шешу жолдарын іздейтіндігі рас. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық сауаттылығы төмен", - деді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергенова.

Көп жағдайда алаяқтар жер, үй алып беремін деген уәдесін береді. Сонымен қатар, жұмысқа тұрғызамын дейтіндер кездеседі. Тәртіп сақшылары алаяқтарға алданбаудың жолын іздеп әрбір іске сақтықпен қараудың дұрыс екенін ескертеді.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар