Қазақстандық балет Испанияның Валенсия қаласында қойылды
Валенсияға труппа аты әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Домингоның шақыртуымен барды.
Испанияның ең ірі қалаларының бірі Валенсияда "Астана Опера" театры балет труппасының орындауындағы "Аққу көлі" балеті аншлагпен өтті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Астана Опера" театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Испанияға гримерлер, костюмерлер мен сахна машинистерін қоса, 100 адамнан астам әртістер құрамы келді. Валенсияға труппа аты әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Домингоның шақыртуымен барды. "Аққу көлі" алғаш рет шамамен бір жарым ғасыр бұрын қойылған болатын.
Спектакльдегі басты партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева (Одетта-Одиллия), халықаралық байқаулардың лауреаты Олжас Тарланов (Зигфрид ханзада), Серік Нақыспеков (Шут) және Жәнібек Иманқұлов (Ротбарт) орындады.
София патшайымның Өнер сарайында 29 желтоқсан мен 2019 жылдың 5 қаңтары аралығындағы "Аққу көлі" балетінің гастрольдік көрсетілімі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Бұдан кейін осы балет өнерінің жауһар туындысы 11-13 қаңтар аралығында Италияда көрсетіледі. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов және Арман Оразғалиев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
-
Түркістанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 10 кітап жарыққа шықты
-
Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая түсіріледі
-
Берлинда өткен көрмеде қазақстандық табиғи таза өнімдер таныстырылды
-
Даниал Ахметов Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берді
-
Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері таныстырылды
-
"Астана Опера" театры еуропалық көрерменге 17 спектакль ұсынды
-
Назарбаев "Рухани жаңғыруды" іске асырудың мәселелерін Жолдасбековпен талқылады