Қазақстандық бітімгершілер Ливандағы спорттық сайыста жеңіске жетті

05 желтоқсан, 2018, 19:27 2262
Қазақстандық бітімгершілер Ливандағы спорттық сайыста жеңіске жетті

42 елдің өкілдері қатысқан 10 шақырымдық жүгіру сайысында бірінші жалпы командалық орынды иеленді.

Қазақстандық бітімгершілер Ливандағы спорттық сайыстардың жеңімпаздары атанды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тир қаласының маңында жергілікті билік өкілдері Ливан тәуелсіздігінің 75 жылдығына арналған жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырылды.

Маршрут Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр. 10 шақырымдық жүгіруге жалпы саны 500 адамды құрайтын UNIFIL бітімгершілік миссиясы 42 елдің өкілдері қатысты.

Қазақстандық бітімгершілерден марафонға взвод командирі майор Данияр Мақсұт пен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ефрейторлар Бағдат Ерәлиев пен Нұрлан Тұрғамбаев қатысты.  

Қазақстанның командасы қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, бірінші жалпы командалық орынды еншіледі.

Үндістанның бітімгершілері екінші орынды және Непалдың әскерилері үшінші орынды иеленді.

Қазақстандық бітімгершілік ротасының командирі майор Аян Нұрқасов қазақстандық команда бірінші орынға ие болғанын мақтан ететінін атап өтті.

"Сайысқа қатысуға шақыртуды алып, біз әскери қызметшілер арасында іріктеу жүргізіп, үш кандидатураны ұсындық. Олар кәсіби спортшылар емес, бірақ ұдайы түрде жауынгерлік даярлық пен спорттан жақсы нәтижелер көрсетеді. Қазақстанның командасы елімізді лайықты түрде көрсетіп, бірінші орынға ие болғанын мақтан етемін", - деді Аян Нұрқасов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар