Қазақстандық бизнес электрондық автоқұжаттарды енгізуге көмектеседі - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандық бизнес электрондық автоқұжаттарды енгізуге көмектеседі

05 наурыз, 10:39 1632 Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық бизнес электрондық автоқұжаттарды енгізуге көмектеседі

Қазақстанда 1 шілдеден бастап автокөліктердің электрондық құжаттары іске қосылады.

Қазақстандағы автобизнес ассоциациясы (ҚАБА) елімізде электрондық автоқұжат енгізу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды, BNews.kz ҚАБА-ның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Электрондық автоқұжатқа автомобиль "өмірінің" барлық тарихы енгізіледі. Оның ішіне техникалық сапасынан бастап, жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайы, техникалық қызметтен өтуі және басқа да шектеулерге қатысы бар немесе жоқ екендігі жазылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚАБА-ның хабарламасында аталған автоқұжаттың қай уақытта іске қосылатыны мен тигізетін пайдасы туралы жазылған.

"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының автоқұжатқа өтуі Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі құжаттарды жеделдетіп, бизнестегі операциялық жұмыстарды жеңілдетеді", - деп жазылған Facebook парақшасындағы хабарламада.

Енді қолдан көлік сатып алғысы келетін кез келген адам арнайы порталға кіріп, автомобильдің тарихымен оңай таныса алады. Электрондық автоқұжат жүйесіне өту кезең-кезеңімен іске асырылады. Құжат барлық ЕАЭО елдерінде бірдей болады.

Ұқсас жаңалықтар