Қазақстандық екі әуе компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды

12 қараша, 2018, 15:30 1637
Қазақстандық екі әуе компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды

Сондай-ақ, 17 әуе кемесін пайдалану тоқтатылды.

Бас көлік прокуратурасының алқасында осы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 2 әуе компаниясының қызметі және 17 әуе кемесін пайдалану тоқтатылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көлік прокурорларының 2 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтағаны, 300 мыңнан астам азаматтың құқықтарын қорғағаны, 757 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған.

Ден қою шараларымен 1,1 млрд теңге өндірілді, сонымен қатар 825 млн теңге мемлекет пайдасына және 3 900 жұмысшының пайдасына 146,9 млн теңге жалақы берешегі.

139 заңсыз автотасымалдаушы анықталып, заңсыз жабдықталған 94 автобус маршруттарынан шеттетілді.

Қадағалау актілері бойынша 1600 км астам мұнай-газ құбырлары жөнделді және ауыстырылды, уәкілетті органдармен магистральдық құбырлардың күзет аймақтары мен аз қашықтықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Профилактика шараларымен көлік нысандарында қылмыстың 9,5% азаюына қол жеткізілді. Астана әуежайындағы жүктерді ұрлау саны 50%, Алматы әуежайындағы 23% дейін азайды. Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық форматта 28 қылмыстық іс тергелді, оның ішінде 18-і аяқталды, 3-еуі сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Соттармен 970 адамға қатысты 828 қылмыстық іс қаралды.

Бас бостандығынан айыруға 63 адам сотталды. Қылмыстық айыппұл 219 адамға қатысты 224,7 млн теңге сомасында қолданылды, оның 98%-ы немесе 220,8 млн теңгесі ерікті түрде төленді.

"Сондай-ақ, алқада жекелеген прокурорлардың жұмысында жіберілген олқылықтар мен кемшіліктердің себептері қаралды, ұйымдастыру шаралары қабылданды. Мәжіліс қорытындысы бойынша Бас көлік прокуроры нақты міндеттерді белгіледі, оларға көлік прокурорлары алдағы кезеңде күш-жігерлерін шоғырландыратын болады", - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар