Қазақстандық фильмдер Италияда көрсетіледі

29 тамыз, 2018, 10:14 4205
Қазақстандық фильмдер Италияда көрсетіледі

Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын "Еуразия" кинофестивалі таныстырылады.

Осы жылдың 2 қыркүйегінде Венецияда қазақстандық жаңа картиналар көрсетіледі. "Еуразия" Халықаралық кинофестивалінің дирекциясы ұйымдастырған іс-шара Италияның кинематографиялық, аудиовизуалды және мультимедиалық өнімдерінің ұлттық ассоциациясының (ANICA) қолдауымен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды BNews.kz

"Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер" атты іс-шарада көптеген қазақстандық картиналардың трейлерлері көрсетілед. Олардың қатарында "Өзен", "Әруақ", "Әміре", "Талан", "Алмас қылыш", "Анаға апарар жол", "Оралман", "Біздің қаланың кішкентай ханзадасы", "Шыңырау", "Жат" фильмдері бар. Бұдан бөлек "Күлтегін", "Jumper" және "Мұзбалақ" сынды анимациялық фильмдердің трейлерлері де көрсетіледі.

"Бұл шара біздің киномыз бен мәдениетіміздің дамуына әсер ететіндіктен, қазақ кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері үшін өте маңызды оқиға болып отыр. Осыған орай, мен көркем өнерді бағалай  білетін Венеция қаласына шақырып, біздің кинематографиямызды таныстыруға мүмкіндік бергені үшін италиялық ANICA халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабилеге алғысымды білдіремін. Біздің шарамыз тарихы терең және беделді кинофестивальдердің бірі Венеция кинофестивалі өтіп жатқан уақытта өткізіліп жатқаны көңіл қуантады", - деді  халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева.

Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын "Еуразия" кинофестивалі таныстырылады. "Еуразия" – Халықаралық киноөндірушілер қауымдастығы (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум.

Венецияға баратын делегация құрамында Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талға Теменов бастаған режиссерлер мен актер Санжар Мадиев және өзге де кино саласының мамандары болады. Делегацияның құрамында Еуразиялық жоба нарығында жүлделі  екінші орын алған жас режиссер Асхат Кучинчереков те бар. 

75-і Венеция кинофестивалінің "Көкжиек" атты конкурстық бағдарламасында Қазақстан атынан Эмир Байгазиннің "Өзен" картинасы қатысады. Бұл картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production-де түсірілген. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #байқау #мәдениет

Читайте также

Похожие новости