Қазақстандық қыздар семсерлесу бойынша өткен Азия чемпионатында "алтын" мен "күміс" иеленді

18 қазан, 2018, 12:56 3761
Қазақстандық қыздар семсерлесу бойынша өткен Азия чемпионатында

Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті.

Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандық қыздар "алтын" мен "күміс" жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Саблядан әйелдер арасындағы сында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Айбике Хабибуллина чемпион атанды. Тағы бір спортшымыз Әйгерім Сарыбай күміс медаль иеленді. 

Еске сала кетейік, екі спортшы да ірі халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Әйгерім Сарыбай мен Айбике Хабибуллина командалық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар