Қазақстандық мамандар Өзбекстандағы ғимараттардың беріктігін тексереді

4 Октября, 2018, 12:38 3726
Қазақстандық мамандар Өзбекстандағы ғимараттардың беріктігін тексереді |  | BNews.kz

Сондай-ақ, көп қабатты ғимараттардың сейсмикалық деңгейі де тексеріледі.

Келесі аптада Ташкентте "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлері жүргізетін ауқымды вибродинамикалық сынаулар басталады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эксперименталдық вибродинамикалық сынаулардың бірнеше кезеңдерінің аясында "Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй" бағдарламасы бойынша сериялық өндіріске енгізу жоспарланып отырған 9-қабатты үйдің беріктігі тексеріледі. 

"Вибродинамикалық сынаулардың барысында ірі панельді ғимараттың жаңа конструктивтік схемасының сейсмикаға төзімділік деңгейі, оның жобалау шешіміне сәйкестігі  тексеріледі. Сонымен бірге, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары бетонның нақты және жобалық беріктігінің талапқа сәйкестігін тексереді", - делінген хабарламада.

Эксперименталдық сынаулардың әр кезеңінен кейін конструкциялар деформациялардың пайда болуына зерттелетін болады. Вибросынаулар барысында алынған конструкциялардың орын ауыстыру үдеулері туралы деректер бұдан әрі жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттың тұру қалпын талдау үшін қолданылатын болады. 

Қазіргі уақытта "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары вибродинамикалық эксперименталдық сынауларды жүргізу үшін қажетті даярлық жұмыстарын аяқтап жатыр.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости