Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыз Словакиядағы турнирде екінші орында келеді

21 қыркүйек, 2018, 18:21 3115
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыз Словакиядағы турнирде екінші орында келеді

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламаны еш қатесіз орындап, 69,99 ұпаймен екінші орында тұр.

Словакияның Братислава қаласында мəнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Ondrej Nepela ondrej 2018 халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева екінші орында келе жатыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламаны еш қатесіз орындап, 69,99 ұпаймен екінші орында тұр.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 70,79 ұпай жинаған жапониялық Рика Кихира бірінші орында. Үшінші орында ресейлік Станислава Константинова тұр.

Бүгін спортшылар еркін бағдарламада сынға түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар