Қазақстандық жұлдыздар "Астана" футбол командасын қолдап ән жазды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандық жұлдыздар "Астана" футбол командасын қолдап ән жазды

16 наурыз, 14:09 3222 Астана
Қазақстандық жұлдыздар

Әннің аты "Бiрге" деп аталады.

Қайрат Баекенов, Луина және Нұржан Керменбаев елордалық футбол клубын қолдап "Бiрге" композициясын жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

Әнді жазуға қазақстандық жұлдыздардан өзге, "Астана" клубының футболшылары -  Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Ненад Эрич, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга ат салысты.

Ән өткен жылдың соңында "Астана" алғаш рет қазақстандық футбол тарихында УЕФА Еуропа Лигасының көктемгі ойындарына жолдама алғаннан кейін дүниеге келді.

Ұқсас жаңалықтар

`