Қазақстандық "Форте-трио" ансамблі Қытайда тыңдармандарды тәнті етті

07 желтоқсан, 2018, 15:47 3166
Қазақстандық 

Бейжің қаласының тұрғыны Чжан Руйлинь осындай концерттер, мәдени шаралар халықтар достығын арттыра түсетінін атап өтті.

Қазақстандағы ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі – "Форте-трио" ансамблі Қытай ұлттық музыка залында концерт берді, деп хабарлады "Хабар 24".

Елорданың 20 жылдығына арналған шара Астана-Бейжің: "Достық көпірі" деп аталған. Қытайлық көрермендер скрипка, виолончель және фортепиано сынды классикалық музыкалық аспаптардың орындалуындағы кешті тамашалап, қазақстандықтардың өнеріне тәнті болды.

Өнерпаздар да бұл кешке тыңғылықты дайындалған. Бейжіңдегі бағдарламасында бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдегі туындылар бар. Музыканттар қазақстандық сазгерлердің шығармалары мен халық әндерін де нақышына келітріп орындады. Әсіресе жас композитор Арман Жайымның "Көрғұлы" триосы көпшіліктің көңілінен шықты.

"Форте-трио" – Қазақстандағы ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. Елімізде ғана емес, шетелде де үлкен құрметке ие ұжымның өнеріне Бейжің көрермені де шынайы қошемет көрсетті. Фортетрио ұжымы желтоқсанның 7-і Шанхайда концерт береді.

Бейжің қаласының тұрғыны Чжан Руйлинь осындай концерттер, мәдени шаралар халықтар достығын арттыра түсетінін атап өтті.

"Астана-Бейжің: достық көпірі" деп аталған бұл кештен алған әсерім ерекше. Әлемдік классикадан джазға дейінгі туындыларды тыңдадық. Қазақстан өнерпаздарына тәнті болдым. Осындай концерттер, мәдени шаралар халықтар достығын арттыра түседі. Нағыз достық көпірі – өнер", - деп жоғары баға берді Чжан Руйлинь.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар