Қазақстандықтар 2017 жылы 10,6 млрд доллар сатып алған - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандықтар 2017 жылы 10,6 млрд доллар сатып алған

05 ақпан, 10:50 748
Қазақстандықтар 2017 жылы 10,6 млрд доллар сатып алған

Валютаны белсенді сатып алушылар - қос астана тұрғындары болып отыр.

Қазақстандықтар арасында ақша айырбастау орындарында валютаны ең көп сатып алатын қалалар белгілі болды. Finprom.kz-тің ақпаратынша Алматы мен Астана қалаларының айырбастау орындарында доллардың 57%, еуроның 66% және рубльдің 25% сатып алынған, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өткен жылмен салыстырғанда доллар-20% пайызға, рубль-19%-ға, еуро-29%-ға көбірек сатып алынған. 2017 жылы қазақстандықтар айырбастау орындарында 10,6 млрд АҚШ долларын, 1,1 млрд еуро мен 157,9 млрд рубль сатып алған. Бір жыл ішінде АҚШ долларын сатып алу 19,9%-ға, еуро-29,1%-ға, рубль-18,9%-ға өскен", - деп атап өтті сарапшылар.

Айта кету керек, 2016 жылы ақша айырбастау орындарында шет ел валютасын сатып алу күрт төмендеген болатын. Мысалы АҚШ доллары - минус 48,1%, еуро - минус 19,8%, рубль - минус 39,8%-ді құраған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары