Қазақстандықтар 2018 жылы шетелдерге шамамен 7 млрд доллар аударған

19 қаңтар, 2019, 11:10 2592
Қазақстандықтар 2018 жылы шетелдерге шамамен 7 млрд доллар аударған

Сыртқы жіберілетін ақша негізінен елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының аударымдары.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 11 айында жеке тұлғалар шетелдерге 7 млрдтай доллар аударған. Ал, келіп түсетіні 2 млрдқа да жетпейді. Сыртқы жіберілетін ақша негізінен елімізде жұмыс істеп жүрген еңбек мигранттарының аударымдары, деп хабарлады "Астана" телеарнасы

Капиталдың көп бөлігі дәлірек айтсақ, 61,3 проценті Ресейге, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Швейцария және Қытайға жіберіледі. Егер, Швейцарияға ақша жіберушілердің 80 проценті өздерінің есеп-шоттарына аударса, Өзбекстанға керісінше, қайтарымсыз төлемдер жасалады.  

"Қазір Қазақстанда 2 миллионнан астам еңбек мигранттары жұмыс істейді. Олардың бір миллионы бұл елде заңды түрде еңбек етіп жатса, тағы бір миллионы мұнда заңсыз жұмыс істейді", - деп атап өтті Мигранттар мәселелері бойынша халықаралық ұйымның үйлестірушісі Деян Кесерович.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#мигрант #Ақша

Читайте также

Похожие новости