Қазақстандықтар Алакөл жағасына пойызбен тура жете алады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандықтар Алакөл жағасына пойызбен тура жете алады

Қазақстандықтар Алакөл жағасына пойызбен тура жете алады

Былтыр облыстық бюджеттен 550 миллион теңге қаржы бөлініп, Алакөлдің жағалауы толықтай өзгертілгені белгілі. 
 

Бұдан бө­лек жаңа автотұрақтар са­лы­­нып, фельдшерлік пункт ашы­лып, саябақ пен автовокзал пайдалануға берілген болатын. Көл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын таппақ, деп хабарлайды BNews.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ең бастысы, биыл Өскемен мен Семей қалаларынан "Жалаңашкөл" стансасына дейін темір жол қатынасы жол­ға қойылып, облыстық бюд­жет есебінен аталған темір жол бе­кетінен Қабанбай ауылына дейінгі (Алакөл) автокөлік жолы жөнделмек. Мұндай жағымды жаңалықты облыс тұрғындары алдындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өзі жеткізді.

"Алакөл – еліміздің мақ­танышы. Біз Алакөлді Түркия мен өзге де елдердегі дема­лыс орындарының дең­гейіне жеткізуге күш салып жатырмыз. Соңғы екі жылда жалпы со­масы 4,3 миллиард теңгеге об­­лыстағы негізгі туристік орын­­дарға апаратын автокөлік жол­дарын жөндеуден өткіздік. Со­нымен қатар, өңірдің киелі орындар тізіміне енген Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінің және Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие ке­сенесінің ту­ристік инфра­құ­рылымы жақ­сар­тыл­ды", - деді облыс әкімі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары