Қазақстандықтар EgovKzBot қосымшасы арқылы жұмыс іздей алады

Написать нам
16 қазан, 2018, 12:37 1940 Астана
Қазақстандықтар EgovKzBot қосымшасы арқылы жұмыс іздей алады

Сондай-ақ, Telegram-бот жұмыс берушілерге қызметкерлерді іздестіруге мүмкіндік береді.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген @EgovKzBot (Telegram-бот) арқылы екі қосымша қызметті іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әрбір мүдделі тұлға (жұмыс беруші немесе ізденуші) "жұмыс табу" немесе "маман табу" деген қажетті команданы таңдау қажет. "Жұмыс табу" қызметін таңдау кезінде пайдаланушы жұмысқа орналасқысы келетін аймақты көрсету, сондай-ақ қалаған позицияны (талдаушы, мұғалім және т.б.) көрсету қажет", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, @EgovKzBot пайдаланушысы электрондық еңбек биржасының enbek.kz сайтынан тартылатын жалпы түйіндемелердің санын алады, сонымен қатар, көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты бір қорытынды беру үшін мекемеде тексеріс өткізу қажет екенін хабарлаймыз.

Жұмыс берушілерге "маманды табу" қызметі қажетті бос жұмыс орны (еркін толтыру) бойынша қызметкерді іздестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін тиісті аймақты көрсетіп, сұралған деректерді көрсету қажет.

Нәтижесінде мамандардың барлық тізімінен жеке карточкаларын қарап, тиісті кандидатураны сұхбатқа/сұхбаттасуға шақыруға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар