Қазақстандықтар қажылыққа төрт қаладан ұшады

08 тамыз, 2018, 20:15 1694
Қазақстандықтар қажылыққа төрт қаладан ұшады

Қажыға барушылар Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан ұша алады.

Қазақстандық қажыға барушыларды еліміздің төрт қаласынан SCAT пен FLYNAS әуе компаниялары тасымалдайтын болады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Биыл 9-тамызда Сауд Арабиясы Корольдігінде 2018 жылғы қажылық маусымы басталады. Сауд Арабиясы тарапынан қажылыққа барушы 3000 азаматқа квота бөлінді. Қазақстандықтар екі әуе компаниясымен (SCAT, Flynas) Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан Жидда және Медина қалаларына жеткізіледі. Айта кетейік, биыл жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қажылар бұрынғы 4 қаланың 2 қаласына тасымалданады. SCAT әуе компаниясы қажылыққа барушыларды Боинг 767 ұшағымен, ал Flynas әуе компаниясы Боинг 747 және Эйрбас 330 типіндегі әуе кемелерімен тасымалдауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардың жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті. Кездесу барысында қажылық маусымында қазақстандық азаматтардың қажылыққа бару және келу тәртібі пысықталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар