Қазақстандықтар кез келген құжатқа қашықтықтан қол қоя алады

06 ақпан, 2019, 10:57 1296
Қазақстандықтар кез келген құжатқа қашықтықтан қол қоя алады

"ezSigner" көмегімен азаматтар кез келген құжатқа оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып, қашықтықтан қол қоя алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалыптастыру және тексеру бойынша "ezSigner" сервисін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz nitec.kz-ке сілтеме жасап. 

"ezSigner" көмегімен азаматтар кез келген құжатқа (түрлі анықтамалар, өтініштер және т.б.) оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып, қашықтықтан қол қоя алады. Яғни, әрбір азаматтың осы веб-қосымшаны пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу және NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет", - делінген хабарламада.

"ezSigner" сервисінің бетінде Пайдаланушыға "Құжатқа қол қою" және "Құжатты тексеру" деген  екі функция беріледі.

Сервистермен жұмыс жасау жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қолжетімді.

"ezSigner" сервисі ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдаланады және қорғалған қосылу режимінде жұмыс істейді. "ezSigner" қол қойылған және тексерілетін электрондық құжаттардың, сондай-ақ Пайдаланушының кілттері мен тіркеу куәліктерінің көшірмелерін серверде сақтамайды және бермейді. Бұл ретте қол қою процесі тікелей клиенттік жағында болады.

Айта кетейік, қолтаңбаны тексеру кезінде ҚР Инвестициялар және даму министрінің (қазіргі атауы – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі) "Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №1187 бұйрығына сәйкес барлық қажетті тексерулер орындалады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#электрондық қызмет #құжат #қол қою

Читайте также

Похожие новости