Қазақстандықтар "Қорғаста" кәсіп ашпақ болған қытай бизнесмендерін алдады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандықтар "Қорғаста" кәсіп ашпақ болған қытай бизнесмендерін алдады

20 ақпан, 16:17 813
Қазақстандықтар

Олар алдау арқылы 1 млрд теңге көлемінде қаражатты иемденген.

ҚР Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар қызметі "Базис Алатау" ЖШС басшылары  Б.Баймуханов, Г.Набиеваларға және басқаларға ҚХР-ның үш азаматы Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джуньдарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына сәйкес Б.Баймуханов пен Г.Набиева "Қорғас" ШЫХО аумағында инвестициялық объектілердің құрылысын жүргізу және жер учаскелерін жалға алу туралы шарттарды жасауға, сонымен қатар ойын бизнесін жүргізуге рұқсат алып беруге көмек көрсетеміз дегенді желеу етіп, аталған ҚХР азаматтарының сеніміне қиянат жасап, алдау арқылы олардың 1 млрд теңге көлемінде қаражаттарын иемденген", - делінген хабарламада. 

Күдіктілер 2018 жылғы 20 ақпанда ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Олардың екеуіне де аса ірі көлемде және адамдардың тобымен жасалған алаяқтық пен ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырды деген күдік тағылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары