Қазақстандықтар Түркияда үш ай визасыз жүре алады

12 қараша, 2018, 16:39 1683 Астана
Қазақстандықтар Түркияда үш ай визасыз жүре алады

Бұған дейін азаматтарымыз үшін Түрік елінде визасыз жүру мерзімі 30 күн еді.

Қазақстан азаматтары Түркия Республикасы аумағында 90 күн визасыз жүре алады, деп хабарлайды BNews.kz "Хабар24" порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің президенттік аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды. Оған сәйкес, Түркияға саяхаттаушы Қазақстан азаматтарының Түрік жерінде визасыз жүру мерзімі 90 күннен аспауы тиіс.

Сондай-ақ, бұл тізімге екі көршілес еліміз қосылды. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан.

Айта кеткен жөн, бұған дейін азаматтарымыз үшін Түрік елінде визасыз жүру мерзімі 30 күн еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар