Қазақстандықтар "Жалпыхалықтық диктант" жазады

10 Ноября, 2018, 15:34 4653
Қазақстандықтар "Жалпыхалықтық диктант" жазады  |  | BNews.kz

14 қараша күні еліміз бойынша латын әліпбиінде жаппай диктант жазылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 14 қараша күні, сағат 11.00 - 11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде "Жалпыхалықтық диктант" өтеді, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

"Шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін іс жүзінде меңгеруге дағдыландыру. Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, "Шалқар" және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады", - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Жалпыхалықтық диктант барысы туралы радио және телеарналарда тікелей репортаждар ұйымдастырылады. Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан алуға болады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13869

Похожие новости