Қазақстандықтар жоғары оқу орындарына түсуді онлайн түрде бақылай алады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстандықтар жоғары оқу орындарына түсуді онлайн түрде бақылай алады

19 наурыз, 2018, 16:18 4069 Астана
Қазақстандықтар жоғары оқу орындарына түсуді онлайн түрде бақылай алады

ЖОО - на берілетін гранттар, аттестациядан өту, сондай-ақ оқу  бағдарламасын ұйымдастыру онлайн түрде жүргізілетін болады.

Білім және ғылым минстрлігі білім беру саласындағы цифрландыруға қатысты бірқатар жобаларды әзірледі. Бұл туралы министр Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біз цифрландырудың жаңа тұжырымдамасын дайындадық, яғни мұғалімдер, үкімет пен тұрғындар бірлесе қандай нәтижеге жетеді, деген басты сауалға жауап берілуі тиіс. Біріншіден бұл жаппай цифрлық қолжетімділік пен шапшаңдық. Яғни мұғалім, мектеп директоры, ұстаздар мен балалар өз ұялы телефондарынан ақпаратты жүктей білуі тиіс. Олар үй жұмысы мен бағаларын үйде отырып-ақ көре алуы тиіс. Сондай-ақ біз мектеп, колледж, ЖОО-на қабылдау туралы өтінішті үйде отырып жазу мүмкіндігін беретін телефон қосымшасының түрін қосуды көздеп отырмыз", - деді Мәжілісте өткен Үкімет сағатында министр.

Сондай-ақ мектептегі оқу сабақтарын министрлік жалпы электрондық базаға енгізуді көздеп отыр, осылайша балалар мен ұстаздар өз портфолиосын телефон арқылы көре алады.

"Цифрландыру біздің тұрғындарға не береді? Бұл айқындық пен әділеттік, яғни жоғарғы оқу орындарына бөлінген гранттар, аттестациядан өту және т.б порталда ашық ақпарат ретінде орналыстырылады. Кез-келген адам оны көріп, бақылай алады. Мысалы балабақшадағы кезектің жылжуынан бастап, ректорлықтан үміткерлер туралы ақпаратты да ашық түрде көруге мүмкіндік туады. Бұл блокчейн деп аталады, яғни ақпарат ашықтығы. Бұл біздің балаларымызға не береді? Сіздер білесіздер көптеген дүниежүзілік оқулықтарды орыс, қазақ тілдеріне аудару керек, сондай-ақ цифрлық лекцияларды, интерактивті сабақтарда да электронды нұсқаға көшірілуі тиіс.  Сондықтан балалар ақпараттық технологияларға ұялы телефондар мен гаджеттер арқылы қолжеткізе білуі тиіс", - деді Ерлан Сағадиев.

Ол осы әдістемелер мұғалімдермен қоса балалар мен ата-аналар үшін де қолжетімді болу керектігін айтты.

"Министрліктің тарапынан онлайн-режимде бақылау жүргізілу тиіс. Бала түсінді ме, жоқ па, мектептер мен балабақшалардағы жұмыс нәтижесін портал арқылы онлайн түрде көріп отыруы тиіс. Біз мұның бәрін бір үлкен базаға шоғырландырамыз, онда сараптама жасалып, министрлік барлық  жұмысты көріп оны орталықтандыра алады. Министрлік осы бағыттар бойынша жұмысты жүйелеуге және оны ендірудің кезеңді кестесін құрды. Осы бойынша біздің пилоттық жобамыз бар", - деді Сағадиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!