Қазақстандықтардың 60%-ы "7-20-25" бойынша айына 100 мың теңгеден кем төлейді

24 қазан, 2018, 20:01 1552
Қазақстандықтардың 60%-ы

"7-20-25" бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 млрд теңге сомасына өтініш берген.

"7-20-25" бағдарламасы арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейтін болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz "Баспана" Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мамандар есебінше заем алушылардың 60%-ы ай сайын 100 мың теңгеден кем сома төлейді. Бұл ретте 7-20-25 бағдарламасы бойынша заем алушылардың 6%-ы ғана ең жоғары соманы несиеге алған (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында 20 млн теңге, басқа аймақтарда 12 млн). Заем алушылардың қалың көпшілігі, ал бұл жалпы портфельдің 37%-ы, 10-нан 15 миллион теңгеге дейінгі сомада кредит рәсімдеген.

"Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағдарын толықтай растады. Алайда "7-20-25" ең алдымен мерзімділік, төлем қабілеттілік және қайтарым принциптеріне негізделген ипотека екендігін ұмытпауымыз керек. Ол банк алдында өзінің төлем қабілетін дәлелдеген, жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымы басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

24 қазан күнгі жағдай бойынша, "7-20-25" бағдарламасы бойынша бір де бір қайтарылмаған қарыз жоқ. Қазақстандықтар 44,5 млрд теңге сомасына өтініш берген. Банктер оның ішінен сомасы 30 млрд теңге болатын 2513 өтінімді мақұлдаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар