Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін дамытуға толықтай дайынбыз – Назарбаев

28 Апреля, 2018, 16:28 4032
Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін дамытуға толықтай дайынбыз – Назарбаев |  | BNews.kz

Бұл туралы Елбасы Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы барысында айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы барысында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін дамыту үшін жаңа қарқын беруге толықтай дайын екендігін айтты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуiмен өтіп жатқан биылғы сессия "Бес әлеуметтiк бастама – қоғамның әлеуметтiк бiрлiгiнiң тұғыры" тақырыбымен өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Елбасы мемлекеттің тіл саясаты қызығушылықтың оңтайлы теңгерімін табуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Ассамблея құрылған күннен бастап біздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып жүреді. Бүгінгі еліміздің татулығы мен тұрақтылығының ең басты кепілі. Әрдайым елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларымды әр уақытта қолдап, халыққа түсіндіріп жүреді. Қазақстан жаңғыруға бет бұрған қазіргі таңда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі. Бүгінгі сессиямыз "Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" деп аталады. Мен наурыз айында әлеуметтік жаңғыру жолындағы Президенттің бес бастамасын ұсынғанымды білесіздер. Бес әлеуметтік бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге ұлтты ұйыстырудың тағы бір түрі – әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған. Біз осы жолды жалғастыруымыз керек. Біз тек бірлесе жаңа жетістіктерге жете аламыз", - деді Елбасы.

Президент әлемде өмір сүріп жатқан мемлекеттер жаһандық ғаламда күшті деп саналатынын және "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының негізгі мәні сонда жатқанын атап өтті.

"Біз қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін дамыту үшін жаңа қарқын беруге толықтай дайынбыз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерде әлеуметтік бірліктің платформасы саналы түрде нығаяды", - деді Мемлекет басшысы.

ҚХА сессиясының жұмысына 1 500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірiнен келген Ассамблея ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым өкiлдерi мен бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Сессия соңында салтанатты концерт өтедi деп жоспарланып отыр.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13869

Похожие новости