Қазақстандықтар mGov қосымшасы арқылы жүргізуші куәлігін алып, тағы 11 қызмет түрін пайдалана алады

29 қаңтар, 2019, 13:37 1634
Қазақстандықтар mGov қосымшасы арқылы жүргізуші куәлігін алып, тағы 11 қызмет түрін пайдалана алады

Қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ mGov қосымшасы арқылы "Электрондық үкімет" порталының 12 қосымша қызметін іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді мобильді қосымшаның көмегімен азаматтарға келесі қызметтер қолжетімді: наркологиялық диспансерден анықтамалар; психоневрологиялық диспансерден анықтамалар; туберкулезге қарсы диспансерден анықтамалар; некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру; әке болуды анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру; атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру; некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру; Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу; жүргізуші куәлігін алу; Е-Биржа (электрондық еңбек биржасы); мекенжай бойынша тіркелген адамдар туралы мекенжай анықтамасын беру (тек Android үшін); сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру (тек Android үшін).

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою арқылы немесе бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады (ол үшін Мобильдік азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).

"Электрондық үкімет" мобильдік қосымшасын пайдаланып жүрген азаматтарға жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу үшін mGov қосымшасын жаңарту жеткілікті. Бүгінгі күні eGov.kz порталының мобильдік қосымшасы арқылы 62 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Осылай, барлық танымал анықтамалар iOS және Android платформасында гаджеттер әуесқойлары үшін аударылған. Сондай-ақ, iOS және Android платформаларында жоғарыда көрсетілген мобильді қосымша 1,38 млн еседен астам жүктелгенін атап өткен жөн, ал көрсетілген қызметтер саны 3,66 млн-нан асты", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #технологиялар #мемлекеттік қызмет #мобильдік қосымша

Читайте также

Похожие новости