Қазақстанға контрабандалық жемістер мен кептірілген жемістерді кіргізбек болғандар ұсталды

13 желтоқсан, 2018, 20:10 2926 Түркістан облысы
Қазақстанға контрабандалық жемістер мен кептірілген жемістерді кіргізбек болғандар ұсталды

Құқық бұзушылар контрабандалық тауарларды Өзбекстаннан еліміздің аумағына өткізбек болған.

"Сарыағаш станциясы" кеден бекетінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  Өзбекстаннан Қазақстан аумағына контрабандалық жемістер мен кептірілген жемістерді кіргізбек болғандарды ұстады, деп хабарлайды ВNews.kz облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған теміржол вагонына қатысты уәкілетті лауазымды тұлғаның күдігі бойынша кедендік жете тексеру тағайындалып, нәтижесінде кедендік декларацияда ұсынылған тауарлардан басқа артық салмағы - 35 229 кг, кедендік құны 12 260 710 теңге құрайтын кептірілген өнімдер тауары бойынша құқық бұзушылық анықталған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 11 желтоқсанында Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған екі жүк вагонына қатысты тексеру барысында декларацияланбаған яғни, 90 830 кг құрайтын жеміс дақылдары тауарына құқық бұзушылық анықталды. Алдын ала есеп бойынша тауардың құны 27 138 870,20 тенге құрады.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік шаралар қолдану жұмыстары жүргізілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар