Қазақстанға шетелден келетін туристер саны өсті 

07 желтоқсан, 2018, 16:28 3110 Астана
Қазақстанға шетелден келетін туристер саны өсті 

Бүгінде елімізге 6,8 млн турист келген.

Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов Астанада өтіп жатқан TravelMediaTalks халықаралық форумында Қазақстанның сыртқы туризм саласының көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлады BAQ.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгін жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған бренд тұжырымдамасы соңғы нұсқа емес. Бұл форум тұжырымдаманы талқылау мақсатында өткізіліп отыр.

"Біз Ресей, Қытай, Батыс және шығыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері секілді маңызды 11 нарықпен жұмыс істейміз. Әр елдің өз бренді болады. Әрине, брендсіз туризмді дамып жатқан елдер бар. Бірақ бренд маркетингтің жылдам жұмыс істеуіне көмектеседі. Өкінішке қарай, маркетинг іргетасы әрдайым тиімді бола бермейді. Сол себепті брендт, дұрыс контент пен месседж болса оны ілгерілетуге салынған инвестицияның өтемі әлдеқайда жоғары және жылдам болады", - деді Садуақасов.

Ол сондай-ақ Қазақстанға жыл басынан бері келген туристер саны туралы мәліметпен бөлісті.

"2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 9 айында елге келген туристер саны 16% жоғары өсімді көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бүгінде 6,8 млн турист келді. Жыл соңына дейін тағы да туристер ағынын күтеміз", - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар