Қазақстан-Италия арасындағы сауда айналымы 2017 жылы шамамен 10 млрд долларды құраған - Жаңалықтар | BNews

Қазақстан-Италия арасындағы сауда айналымы 2017 жылы шамамен 10 млрд долларды құраған

16 ақпан, 10:51 829
Қазақстан-Италия арасындағы сауда айналымы 2017 жылы шамамен 10 млрд долларды құраған

Бұл туралы Римде өткен Қазақстан мен Италия Үкіметаралық жұмыс тобының кезекті отырысында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров мәлімдеді.

Римде өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық орнату және алмасу бойынша Қазақстан-Италия Үкіметаралық жұмыс тобының (ХЖТ) 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz PrimeMinister.kz-ке сілтеме жасап.

Қабылдаушы тарапты италиялық тараптың тең төрағасы – Италияның экономикалық даму вице-министрі Иван Скальфаротто бастады.

ХЖТ аясында инвестициялар саласында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров сөз сөйледі.

"Италия Еуропамен сауда айналымы бойынша басты серіктестердің бірі және жетекші инвестор екенін атап өткім келеді. Қазақстан мен Италия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қорытындысы бойынша $9,6 млрд құрады, бұл одан алдынғы жылмен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құрамында. Бұл кедендік шекаралары жоқ, 180 млн-нан астам адам болатын сыртқы тауар айналымы шамамен $1 трлн бірыңғай нарық", - деді Ерлан Қайыров. 

Сондықтан Ерлан Қайыров Қазақстанды ЕуразЭҚ, Қытай, Орталық Азия және Таяу  Шығыс елдерінің үлкен нарықтарына шығу үшін өнім өндіруге арналған алаң ретінде қабылдауды ұсынды.

Іс-шаралар барысында екіжақты ынтымақтастық жағдайын бағалаумен және Қазақстан-Италия өзара іс-қимылын одан әрі дамытумен байланысты басымдықты мәселелердің кең спектрі қаралды. Тараптар іскерлік және банк топтарының өзара іс-қимылын жандандыруды, құқықтық базаны, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуды, гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мәселелерді талқылады. Екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалы бағыты мәдениет және туризм саласында ынтымақтастық орнату болып белгіленді.

Сол күні ХЖТ отырысы аяқталған соң Италиядағы Қазақстан елшілігі Жалпыға бірдей италиялық өнеркәсіп конфедерациясы және ICE-мен бірге Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған бизнес форум өткізді, оған ірі италиялық компаниялар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Өткен жылы Қазақстан мен Италия дипломатиялық қатынастарының жиырма бес жылдығын атап өткен болатын.

25 жылда Италия республикасы еліміз үшін басты инвесторлардың біріне айналды және ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі. Италиялықтар Қазақстанмен жаңа сала – жасыл технологиялар саласында ынтымақтастық орнату үшін Астанада "Экспо-2017" көрмесіне қатысу мүмкіндігін пайдаланды.

Италия Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Италиялық бизнес Қазақстанды тұрақтылығы үшін бағалайды және елімізді перспективалы деп есептейді. Италияда біздің еліміз туралы болашағы зор мемлекет деп айтады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары