Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

14 шілде, 17:13 2379
Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды BNews.kz.

Атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау, түнде Астана, Орал, Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары