Қазақстанның әскери делегациясы ІІІ халықаралық теңіз флотының сайысына қатысуда

13 қазан, 2018, 12:34 2647
Қазақстанның әскери делегациясы ІІІ халықаралық теңіз флотының сайысына қатысуда

ҚР Әскери-теңіз күштерінің делегациясы теңіз қорғаныс өнеркәсібінің халықаралық көрмесі мен Тынық мұхиты Батыс бөлігінің әскери симпозиумына барады.

Кореялық тараптың шақыртуына сәйкес қазақстандық делегация ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжановтың жетекшілік етуімен Корея Республикасының Чеджу аралында өтіп жатқан бақылаушы ретінде ІІ халықаралық теңіз флотының сайысына қатысуда, деп хабарлайды BNews.kz Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

III халықаралық теңіз флотының сайысы Корея Республикасы Қарулы Күштерінің (1948 ж.) құрылу күнінен бастап 70 жылдықты мерекелеу шеңберінде өткізілуде. Кореялық тарап қатысушылар мен сайыс қонақтары үшін бірқатар іс-шараларды, оқу көрсетілімі мен Корея Республикасы, Индонезия, Канада, Вьетнам, Малайзия, Аустралия және Жапония теңіз флоты корабльдерінің мерекелік парады ұйымдастырылды. Одан басқа, ҚР ӘТК-нің делегациясы теңіз қорғаныс өнеркәсібінің халықаралық көрмесі мен Тынық мұхиты Батыс бөлігінің әскери симпозиумына барады. Сапар 14 қазанда аяқталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар