Қазақстанның әуе компаниялары жыл басынан бері 6,8 млн жолаушыны тасымалдады

15 қараша, 2018, 19:39 3006 Астана
Қазақстанның әуе компаниялары жыл басынан бері 6,8 млн жолаушыны тасымалдады

Бүгінде Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып танылып отыр.

2018 жылдың 10 айында елімізде жолаушылар әуе тасымалы 10%-ға өсті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл еліміздегі әуе тасымалы саласындағы өсім қарқыны сақталып келеді. 2018 жылдың 10 айында жергілікті әуежайлар 12,7 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға (12,0 млн) артық.

"2018 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасының әуе компаниялары 6,8 млн жолаушыны тасымалдады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6,2 млн Адам) әуе көлігімен жолаушылар тасымалының өсімі 10% құрады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) баяндамасында Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып танылып отыр. IATA болжамына сәйкес, алдағы 20 жылда біздің еліміздегі әуе көлігімен сапарлаушылар саны 8 миллионнан 18 миллионға дейін артады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар