Қазақстанның Бангладештегі жаңа елшісі тағайындалды

08 тамыз, 2018, 19:39 1689 Астана
Қазақстанның Бангладештегі жаңа елшісі тағайындалды

Бұл қызметті Барлыбай Садықов атқаратын болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Барлыбай Садықовты Қазақстанның Бангладештегі елшісі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ол 2018 жылдың 25 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар