Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 қыркүйек, 2018, 20:08 2962
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3°С үсік жүреді.  

Қостанай, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

15 қыркүйекте Қостанай облысында батыс, солтүстік-батыс бағыттан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с болады. 15 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжануда. 15 қыркүйек күні күндіз Маңғыстау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 3°С үсік жүреді.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар