Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды

05 желтоқсан, 2018, 18:45 2239
Қазақстанның екі аймағында дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 6-8 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады және жел соғады деп болжауда.

Алдағы күндері Қазақстанның екі аймағында, яғни Атырау және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжауынша, 6-7 желтоқсанда Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 80-85%.

"Сондай-ақ, 6-8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, 6 желтоқсан күндіз, 7-8 желтоқсанда шығыс, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар