Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

20 қараша, 2018, 17:12 281
Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"21 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, күндіз оңтүстік-батыстан жел 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, 21 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-100%.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар