Қазақстанның екі облысында көктайғақтың салдарынан жол жабылды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның екі облысында көктайғақтың салдарынан жол жабылды

20 наурыз, 2018, 10:53 4751
Қазақстанның екі облысында көктайғақтың салдарынан жол жабылды

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) республиканың екі облысында жол жабылды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстанда сағат 3.00-ден бері ауа райының қолайсыздығы, көктайғаққа байлысты республикалық маңыздағы Орал-Атырау (129-311 шақырым, Чапаев ауылы – Атырау облысының шекарасы) жолы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Ақтөбе облысында сағат 4:55-тен бері ауа райының күрт нашарлауына орай (жауын, көктайғақ) республикалық маңыздағы жолдар жабылды: Самара-Шымкент (723-965 шақырымы, Белогорка ауылы мен Қарабұтақ ауылы), Самара-Шымкент (723-526 шақырым, Ақтөбе қаласы – БҚО шекарасы), Ақтөбе – Орск (39-135 шақырымы, Шәмші Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы), Ақтөбе-Орынбор (24-99 шақырымы, Хлебодаровка ауылы – РФ шекарасы), Ақтөбе-Астрахан (11-92 шақырымы, Ақтөбе қаласы мен Қандыағаш ауылы) және Солтүстік айналма жолы (0-39 шақырым, Ақтөбе қаласының айналма жолы) ауыр және жолаушылар көлігі үшін жабық.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар