Қазақстанның екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

09 тамыз, 20:02 2881
Қазақстанның екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша, 10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерінде 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Қазақстанның екі облысында аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 10 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел, 41 градус қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, дәл осы күні Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Осыған орай қос өңірде дабылды ескерту жарияланды, оның ықтималдылығы 90-95 %.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары