Қазақстанның ЕурАзЭҚ-гі мүддесін қорғайтын білікті мамандар қажет – Нығматулин - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның ЕурАзЭҚ-гі мүддесін қорғайтын білікті мамандар қажет – Нығматулин

07 ақпан, 18:11 884 Астана
Қазақстанның ЕурАзЭҚ-гі мүддесін қорғайтын білікті мамандар қажет – Нығматулин

Қазақстандық шенеуніктер отандық тауар өндірушілердің құқы мен заңды мүдделерін ЕурАзЭҚ аясында толыққанды қорғай алмайды, деп хабарлайды BNews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Парламент Мәжілісі отырысында "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңының жобасы мақұлданды.

Қаралып отырған заң жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов толық баяндады. Келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 93-бабын және Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың 7-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидиялар беруіне байланысты мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл тетігін, мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидиялар беруін Комиссиямен ерікті келісу, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидиялар беруіне байланысты талқылауларды Комиссияның жүргізу тәртібін айқындайды.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин қазіргі таңда жауапты органдардың қызметкерлері ЕурАзЭҚ шеңберінде отандық өндірушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін толық қорғай алады деп айтуға болмайтынын және бұл тақырып бірнеше рет депутаттық сауалдарда көтерілгенін, сондай-ақ, отандық бизнес пен салалық қауымдастық өкілдері тарапынан да Парламентке көптеген өтініштер түскенін айтты.

Заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған Альберт Рау Келісімде көзделген ерекшелікті субсидияларды беруге болатын өлшемшарттар қазіргі субсидиялау практикасына сәйкес келетінін, заңның жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржы шығындарын талап етпейтінін жеткізді. Сонымен қатар, отырыста Орталық сайлау комиссиясының баяндамасы негізінде Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігі 1 ақпаннан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары