Қазақстанның гематологтары бесжылдық өмір сүрушілікті 60%-ға дейін ұлғайтуды болжайды

14 қыркүйек, 2018, 10:56 3108 Астана
Қазақстанның гематологтары бесжылдық өмір сүрушілікті 60%-ға дейін ұлғайтуды болжайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Елжан Біртановтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Қазақстанның гематологтары бесжылдық өмір сүрушілікті 60%-ға дейін ұлғайтуды болжайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен өткен Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мәселелері бойынша кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Дөңгелек үстел басында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, арнайы бейін мамандары – гематологтар, "Міндетті медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ, "Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК өкілдері тақырып төңірегінде тікелей кездесті.

Кеңес барысында Қазақстанның кәсіби гематологиялық қауымдастық – "Гематолог дәрігерлердің қазақстандық қоғамы" РҚБ әзірлеген гематологиялық көмекті дамыту жөніндегі жол картасы талқыланды. Осы құжатта қызметті кадрлық күшейту, ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қан ауруларын ерте уақтылы диагностикалау мәселелері қозғалды. ҚР халқына гематологиялық көмек көрсетудің тиімді моделін құру арқылы оңтайландыру ұсынылады, ол өңірлерде пациенттер үшін медициналық қызмет көрсетудің бір жерде диагностикадан бастап, оңалтумен аяқталатын тұйық циклын құруға негізделеді.

Гематологтардың болжамы бойынша, бірлесіп әрекет ету нәтижесінде қол жеткізілетін ақырғы нәтиже – 5 жылдық өмір сүрушілікті 60%-ға дейін ұлғайту.

Министр кәсіби қауымдастықтардың тарапынан белсенділік танытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ дәрігерлердің, пациенттердің, басқарушылардың, оның ішінде өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары басшыларының тарапынан халыққа бейінді медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімдігін жақсарту мәселелеріндегі жауапкершілігін арттырудың қажеттігін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар