Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі тағайындалды

10 қаңтар, 2019, 15:20 517 Астана
Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі тағайындалды

Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан елшісі қызметін Асхат Оразбай атқарады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл қызметті Асхат Оразбай атқарады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар