Қазақстанның ірі электр станциялары жылу беру маусымына дайын

20 қараша, 2018, 16:37 1678 Астана
Қазақстанның ірі электр станциялары жылу беру маусымына дайын

"Самұрық-Энерго" АҚ энергия өндіру көздерінің барлығы, сондай-ақ "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Мойнақ СЭС" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және Алматы энергия кешенінің кәсіпорындары қазіргі уақытта Әзірлік паспорттарын алды.

"Самұрық-Энерго" электрэнергия холдингіне қарасты энергия өндіруші кәсіпорындар 2018-2019 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдерінде жұмыс істеуге толық дайын. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз конференциясында "Самұрық-Энерго" АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Түйтебаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компания өкілінің сөзінше, "Самұрық-Энерго" АҚ энергия өндіру көздерінің барлығы, сондай-ақ "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Мойнақ СЭС" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және Алматы энергия кешенінің кәсіпорындары қазіргі уақытта Әзірлік паспорттарын алды. Холдингтің электр станциялары электр және жылу жүктемелерінің белгіленген кестесі орындалуын қамтамасыз етуде. 

Айта кеткен жөн, Екібастұз қаласында орналасқан "Богатырь Көмір" ЖШС көмір өндіруші кәсіпорын 2018-2019 жылдары жылу беру маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады. "Богатырь" кенішінен алынған қатты отынның 80 пайызға жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіруші кәсіпорындарына жіберілді.

Тұтас алғанда, "Богатырь Көмір" ЖШС-ның кеніштерінде осы жылғы 10 айда өндірілген көмірдің көлемі 36,5 млн тоннаны құрады. Бұл ретте компания осы күнге дейін 39 млн тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемнің 109 процентін құрайды. Соның ішінде жылдық жоспардағы 1 млн тоннаның орнына 1,3 млн тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір жіберілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар