Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскерлерді оқытудың кезекті кезеңі басталды

05 ақпан, 2019, 13:17 1681
Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскерлерді оқытудың кезекті кезеңі басталды

Взводтарды дайындау бойынша сабақтар бір айға созылады.

ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен құрамаларында бөлімшелерді дайындаудан кейін әскерлерді оқытудың бірізділігіне сәйкес ҚР ҚК-ның әскери бөлімдері мен құрамаларында взводтарды дайындау басталды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Взводтарды дайындау бойынша сабақтар бір айға созылады және бөлімшелер командирлерінің жетекшілік етуімен өтуде.

"Сабақтардың негізгі пәні – тактикалық дайындық. Оның барысында әртүрлі ұрысты ұйымдастыру және жүргізу  кезінде бағынысты бөлімшені басқару, жауынгерлік тәртіп пен атыс жүйесін құру, сондай-ақ ұрыста штаттық қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы шебер әрі тиімді қолдануда жеке құрамның далалық машығын жетілдіру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Взводтарды дайындау жауынгерлік оқ атулармен аяқталады. Оның нәтижелері бөлімшелердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қаншалықты әзір екенін көрсетеді.

Министрліктің мәліметінше, сонымен қатар ҚР ҚК Дене даярлығы бас басқармасымен Шымкент және Тараз гарнизондары әскери бөлімдері мен мекемелерінің командирлерімен (бастықтарымен) дене даярлығы мен спорттық жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік-нұсқау беру сабақтары өткізілді.

Сабақтардың негізгі мақсаты әскери бөлімдердің дене даярлығы және спорт бастықтарының, сондай-ақ бөлімше сержанттарының (взвод сержантынан бастап және жоғары) – жауынгерлік және дене даярлығы бойынша нұсқаушылардың дене және әдістемелік дайындықтарының деңгейін арттыру болып табылады.

"Одан басқа, сабақтар барысында таңғы дене даярлығын, қоян-қолтық ұрыс пен граната лақтыруды, сондай-ақ әскери-спорттық кешен мен дене жаттығуы бойынша теориялық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсетілді", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінде.

Сабақ қорытындысы бойынша гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің офицерлік және сержанттар құрамының дене дайындығының деңгейі тексерілді.

Айта кету керек, дене даярлық жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыруға әскери қызметшінің әзірлігінің негізгі элементтері, армияның жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал ететін бағыт болып саналады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #сабақ #әскери қызмет

Читайте также

Похожие новости