Қазақстанның құнды қағаздары халықаралық деңгейдегі бағалы қағаздар тізіміне қосылды

30 шілде, 2018, 17:13 1803 Астана
Қазақстанның құнды қағаздары халықаралық деңгейдегі бағалы қағаздар тізіміне қосылды

Мемлекеттік құнды қағаздар Clearstream халықаралық есеп айырысу жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізімінің қатарына енді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын Clearstream халықаралық есеп айырысу жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізіміне қосу жобасының табысты іске асырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова Қазақстанның нарығына арналған жаңа халықаралық желінің осыған дейін жария етілген жоспарларға сәйкес 2018 жылғы 30 шілдеде іске қосылатынын хабарлады. Жобаны аяқтау халықаралық қаржы нарықтарымен ықпалдасуды тереңдетуге мүмкіндік береді және қосымша портфельдік инвестициялардың ағынын қамтамасыз етеді.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша Clearstream жүйесі арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру мүмкіндігі халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қор нарығына қолжетімділігін айтарлықтай жеңілдетуді білдіреді. Жобаны іске асыру Қазақстандағы қаржы нарығын дамытудағы жаңа кезең болып табылады", - деді Әлия Молдабекова.

Өз кезегінде, Clearstream Banking S.A қоса директоры Ф. Браун Қазақстанмен жаңа арнаның Clearstream үшін маңызды кезең екендігін атап өтті, себебі ол ТМД және Кавказ елдерінде ауқымды клиенттердің эмитенттерге қолжетімділігіне қатысты стратегиялық мақсатқа жауап береді.

"Біз Қазақстан нарығының Clearstream халықаралық есеп айырысу инфрақұрылымына қосылуы аясында Ситибанкпен ынтымақтаса жұмыс істеуге қуаныштымыз", - деп атап өтті компания өкілі.

Айта кетейік, Clearstream – штаб-пәтері Люксембургте орналасқан, Deutsche Börse Group тобына кіретін бағалы қағаздардың халықаралық орталық депозитарийі. Clearstream еурооблигациялар нарығында пост-трейдингтік көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша 57 нарықта бағалы қызметтер бойынша көрсетілетін қызметтердің жеткізушісі болып табылады.

Clearstream Қазақстандағы қолжетімділік арнасын ашатын бағалы қағаздардың алғашқы халықаралық депозитарийі болып саналады. "Ситибанк Қазақстан" АҚ ақша қаражатымен операциялар бойынша кастодиан банк және корреспондент банк болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: