Қазақстанның мәдениеті Түркияда өтіп жатқан халықаралық көрмеде таныстырылды

06 желтоқсан, 2018, 15:58 3188
Қазақстанның мәдениеті Түркияда өтіп жатқан халықаралық көрмеде таныстырылды

Биыл көрме Түркияның ең үлкен және заманауи Fuar Izmir көрме кешенінде 20 000 м2 астам алаңда ұйымдастырылады, оған туризм саласындағы 50 000 кәсіпкер қатысады.

Бүгін Түркия Республикасындағы Измир қаласында басталған "Travel Turkey Izmir-2018" халықаралық көрмесінде Қазақстанның мәдениеті таныстырылды. Халықаралық көрме үш күнге, яғни 6-8 желтоқсан аралығында жалғасады, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көрме Түркияның ең үлкен және заманауи Fuar Izmir көрме кешенінде 20 000 м2 астам алаңда ұйымдастырылады, оған туризм саласындағы 50 000 кәсіпкер қатысады.

Измир қаласында өтіп жатқан аталған халықаралық көрмеге елімізден туриндустрия өкілдері делегациясының баруын Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Көрмеге келушілер "Асық ату" мен "Арқан тарту" сияқты қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, қатысушылардың алдында ашылған еліміздің көрікті жерлері бейнеленген "пазлдарды" барынша жылдам құрастыру арқылы Қазақстанның мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ, әрбір келушінің Қазақстан Rixos Borovoe және Hilton Astana қонақ үйлерінің сертификаттары мен кәдесыйлар түрінде бағалы сыйлықтарды ұтып алуға, сонымен қатар мықты қазақ батырларымен бірге бірегей фото жасауға мүмкіндігі болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар