Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі көп мөлшерде қаржы ұрлағаны үшін ұсталды

16 қазан, 2018, 17:48 2201 Астана
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі көп мөлшерде қаржы ұрлағаны үшін ұсталды

Ресми өкілдің мәліметінше, оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова өткен аптада тіркелген қылмыстық істермен таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz Вaq.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісін әшкереледі. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деп күдіктелуде", - деді Бастарова Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің мәліметінше, оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Ерік Өтембаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар