Қазақстанның солтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның солтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

30 шілде, 10:59 1949
Қазақстанның солтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

30-31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады, күндіз 30 шілдеде екпіні – 25 м/с. Түнде және таңертең аймақтың кей жерлерінде тұман күтіледі. 31 шілдеде түнде кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі.

Астана қаласында 30-31 шілдеде найзағай ойнайды, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 80-85%.

30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады

Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Петропавл қаласында 30 шілдеде найзағай ойнап, дауыл соғуы, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

30 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады, бұршақ жаууы және дауыл күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бұған дейін бүгін синоптиктер елімізде жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл болып, ал солтүстікте тұман күтіледі деп болжағаны хабарланған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары