Қазақстанның Түрікменстандағы жаңа елшісі тағайындалды

13 шілде, 2018, 18:58 2997 Астана
Қазақстанның Түрікменстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Жандос Асанов бұған дейін Сенат аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы жаңа елшісі тағайындалды. Сәйкесінше жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Жандос Әнуарұлы Асанов 1969 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Алматы шет тілдер педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетін тәмамдаған. 

Ол әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Пәкістандағы, Ұлыбританиядағы, Австриядағы, Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Елшіліктерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-министрінің Кеңсесінде әртүрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры, ЕҚЫҰ Минск қаласындағы офисі басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

Бұған дейін Сенат Аппараты басшысының орынбасары.

Үш медальмен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар