Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

17 маусым, 2018, 11:34 2028
Қазақстанның туристік саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

Кеңес барысында туризм саласын дамытудың маңызды аспектілері талқыланды.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстанның туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңес барысында туризм саласын дамытудың маңызды аспектілері талқыланып, туристік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР туристификация картасы жобасымен таныстырды.

Карта жобасы 62 туристік дестинация мен нысаннан тұрады, олардың 46 бұрыннан әрекет етуші және 16 жаңа. Негізгі іріктеу критерийлері жалпы ел үшін туристік магнит ретінде нысанның бірегейлігі және туристік ағын көлемінің әлеуетті өсуі болды. Ұсынылған нысандардың тарихи және мәдени маңызы, мысалы, ЮНЕСКО-да мойындалған ескерткіштер немесе Ұлы Жібек жолының нысандары тізіміне енгізілген ескерткіштер, сондай-ақ "Рухани Жаңғыру" жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар ескерілді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Үкімет #Арыстанбек Мұхамедиұлы #ішкі туризм

Читайте также

Похожие новости