Қазақстанның Үкіметі мен Ұлттық банкі аграрлық секторды қолдау үшін іс-шаралар әзірледі

14 қыркүйек, 2018, 11:59 3099 Астана
Қазақстанның Үкіметі мен Ұлттық банкі аграрлық секторды қолдау үшін іс-шаралар әзірледі

Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардың, оның ішінде Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердің жұмысына серпін беретін бірқатар қаржылық тетіктер бар.

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің аграрлық секторды қосымша қолдаудың жаңа іс-шаралары туралы бірлескен мәлімдемесі primeminister.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

"ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады. Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл – стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив. Біздің мақсатымыз – алдағы 5 жылдың ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнімдер экспортын 2,5 есеге ұлғайту. Бұл орайда біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыру мен өнім өткізу рыноктарының қолжетімді болуына және экспортты дамытуға жұмыс істеудеміз", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге әлемдік рыноктағы ахуал тұрақсыз, жылдам өзгеруде. Валюталық несие түрінде жүктемесі бар аграрлық сала сыртқы себептердің ауыртпалығы жағдайында дамуда. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдаудың қосымша іс-шаралар пакетін дайындады.

Басты мақсат – саланың серпінді өсуіне қажетті жағдай жасау, жаңғыртудың қарқынын төмендетпеу, күрмеуі күрделі мәселелерді шешу.

"Іс-шаралардың ішінде Агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) кәсіпорындарына түсетін борыштық жүктемелерді азайтуға және олардың борыштық ауыртпалықтарын азайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Іске асыру тетіктері – ҚазАгро Холдингінің талаптарын қайта құрылымдау және долларсыздандыру, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа құралдарын пайдалану.

Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардың, оның ішінде АӨК дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердің жұмысына серпін беретін бірқатар қаржылық тетіктер бар.

"Цеснабанк" "Агробизнес 2020" бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оның үлесіне саланы несиелендірудің 65% астамы тиесілі. Сол себептен, "Цеснабанк" "ҚазАгро" Холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардың мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды. Бұл жұмыстар аясында Үкімет пен Ұлттық Банк "Цеснабанктен" 450 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда. Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ "Цеснабанктің" қаржылық тұрақталығын нығайтады. "Цеснабанктің" акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады", - деп көрсетілген мәлімдемеде.

Бұл шараларды іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғайды, несиелендірудің көлемін арттырады және аграрлық секторды жаңғырту саясатына қолдау жасайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар