Қазақстанның үш маңызды жолы ақылы болады - Жаңалықтар | BNews

Қазақстанның үш маңызды жолы ақылы болады

06 наурыз, 16:24 835 Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның үш маңызды жолы ақылы болады

Еліміздегі ақылы жолдар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы салынады.

Түскен пайда түгелдей бюджетке аударылып, кейін инвесторлардың шығыны кезең-кезеңімен өтеледі, деп хабарлады 24.kz.

Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі хабарлады. Ауқымды жоспар аясында алдағы жылдары жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым жолды ақылы жүйеге көшіру көзделіп отыр. 2020-2021 жылға қарай түскен табыс 30 миллиард теңгені құрайды деген болжам бар.

Айта кетейік, "Астана-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Қорғас" көлік дәліздері ақылы негізге бұған дейін жоспарланған бірінші тоқсанда емес, екінші тоқсанда толық іске қосылатын болды. Былтыр елімізде республикалық маңызы бар 600 шақырым жол салынды.

"Осы жылы 500-ден астам шақырым жол іске қосылады. Жалпы келе жатқан 3-4 жылдың ішінде 4 мыңнан астам жаңа жол салынатын болады. Ол жолда 100 мың жұмыс орны болады. Сондықтан бұл бағдарламаның экономикамызға маңызы өте жоғары", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Ұқсас жаңалықтар

`